Оқушылардың жетістігі

14-18 қараша аралығында Таушева Томирис 18-ші Халықаралық "Astana-Merey" орындаушылар байқауына қатысып, дипломант атанды!

Байқауға 200-ден астам орындаушы, оның ішінде Қазақстан, Ресей және Өзбекстаннан 68 флейташы қатысты.

Томириске және оның ұстазы Тамара Петровна Парфирьеваға шығармашылық табыс пен жаңа жетістіктер тілейміз!

«Алтын күз – 2022» балалар, жасөспірімдер және жастар шығармашылығы конкурсында жүлделі орындарға ие болған қобызшы қыздарымыз бен ұстаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Сабырбаева Әдема – І орын ( ұстазы Маштакова Н.Ж.)
Базарбекова Самира –ІІ орын (ұстазы Махамбетова А.А.)
Жұмекен Асылжан – І орын (ұстазы Оңғарбаева С.Д.)

Құттықтаймыз !!!

2022 жылы 10-16.10 аралығында Түркияның Алания қаласында өткен «Global Art Competition» II Халықаралық байқау-фестивалінде оқушыларымыздың жеңісі Республика күніне арналған тамаша сыйлық болды.
Байқауда Грузия, Түркия және Қазақстан елдерінің қатысушылары өздерінің орындаушылық шеберліктерін көрсетті,ал қазылар алқасы халықаралық деңгейдегі орындаушылардан болды.

Арнайы фортепиано бөлімінің 7Б сынып оқушысы Пак Елизавета таңғажайып өнерімен көрермендер мен әділ қазылар алқасын баурап, байқаудың бас жүлдесі Гран-приді лайықты жеңіп алды.

Домбырамен ән айту бөлімінің 7А сынып оқушысы Есмұратұлы Ілияс қатысып, құрметті 3 орынға ие болды.

Оқушыларымызды, олардың ата-аналарын, арнайы пәндер оқытушылары Вчерашняя Елена Александровнаны ,Есжанов Біржан Сәрсенбаевичті кезекті жеңісімен құттықтаймыз,шығармашылық табыс пен жарқын жеңістер тілейміз!

«МЕН ӘЛЕМДІ КӨРЕМІН: ХАЛЫҚ ӨНЕРІ ӘЛЕМІ»

Халықаралық суретшілер-мұғалімдер одағымен, «Өнер білімі және Ресей білім беру академиясының мәдениеттану институты» Федералдық мемлекеттік бюджеттік ғылыми мекемесі менРесей Федерациясының ағарту министрлігі ұйымдастырған «МЕН ӘЛЕМДІ КӨРЕМІН: ХАЛЫҚ ӨНЕРІ ӘЛЕМІ» ХХХІІ көшпелі бейнелеу өнері көрмесінің Халықаралық байқауының қорытындысы белгілі болды.

Конкурстың тақырыптық мазмұны бейнелеу өнеріндегі материалдық емес мәдени мұралар болып табылады: халық әндерінің иллюстрациясы, аңыздар, дастандар, әдет-ғұрыптар, ойыншықтар және т.б халықтың дәстүрлі тағамдары мен тұрмыстық бұйымдар, тұрғын үй, дәстүрлі еңбек түрлері.

Конкурсқа «Кескіндеме» бөлімінің оқушылары және педагогтері– Джаманчалова Е.Д., Руженская К.П., сурет салудан шығармашылық жұмыстарын ерекше нышанда, ұлттық дәстүрлі халық қолөнері: киіздер (киіз басудың түрлері), ұлттық нақышта суреттерді ұсынды.


«ЖЕҢІМПАЗ» дипломымен оқушылар марапатталды:
- Вундерлих Яна
- Гурова Дарья
- Жамантаева Альбина
- Канафина Диляра
- Курманова Даяна
- Латышева Ольга
- Ораз Акгуль
- Репкин Андрей
- Умутбаева Айсулу
- Шипилов Егор

Педагогтер:
- Джаманчалова Е.Д.
- Руженская К.П.

Конкурстың барлық қатысушылары мен жеңімпаздарын шын жүректен құттықтаймыз! Бұл жеңіс одан әрі табысқа ынталандыру болсын!

Оқушыларымыз бен студенттеріміз «Әрбір халы - суретші» халықаралық бейнелеу диктант жобасына қатысты. Биылғы жылдың тақырыбы «МЕНІҢ ЕЛІМ – МЕНІҢ ТАРИХЫМ».

Биылғы оқу жылында біздің оқу мекемеміз негізінде күндізгі бөлім бойынша облыстық кезеңі өтті. Алаңның ұйымдастыру жұмысына: қатысушыларды тіркеу,

тапсырманы алу (әр алаң үшін ерекше),

төрт сағат ішінде композицияны орындау,

әр сағат сайын жұмыс кезеңдерін суретке түсіру,

ал жұмыстарды сол жұмыс күні сайт галереясына жүктеп салу кіреді.

Біз 2022 жылға арналған ИННОВАЦИЯЛЫҚ АЛАҢ мәртебеге ие болдық!

Үздік ұстаздарымызға рахмет!!

Талантты балаларымызға рахмет!!!

«Кескіндеме» бөлімінің түлегі Арсентьев Вениаминді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған балалар мен жасөспірімдер арасындағы бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер жанрындағы үздік арт-объекттері бойынша «Тәуелсіздік ұрпағы» халықаралық байқауында жүлделі орынмен құттықтаймыз.
Конкурс ұйымдастырушылары:
• Нұрсұлтан Назарбаев қоры
• ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасы
• Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы
• Нұр-Сұлтан қаласының ЮНЕСКО балалар көркемсурет мектебі
• Халықаралық суретші-педагогтар одағы
Салтанатты марапаттау іс-шарасы ҚР Тұңғыш Президентінің кітапханасында өтті.
Вениамин, сені жарқын жеңісіңмен құттықтаймыз! Саған шығармашылық шабыт және одан әрі өсуіңе тілектеспіз!
«Кескіндеме» бөлімінің мұғалімдеріне денсаулық, шығармашылық табыс тілейміз.

5А сынып оқушысы Ілияс Есмуратұлы мен оның ұстазы Есжанов Біржан Сәрсенбайұлыны Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамына орай ұйымдастырылған «Ән салдырған домбыра» атты фестиваль-конкурсында «Домбырамен ән салу» номинациясы бойынша І орын алғаны үшін шын жүректен құттықтаймыз!

7A-сынып оқушысы Балаш Айшаны, 9A-сынып оқушылары Байдилдина Айман мен Байдилдина Шолпанды және олардың оқытушысы Шин Алена Алиевнаны «Вокал» номинациясында «Көктем шуағы» ІІ халықаралық байқау-фестивалінде жүлделі орындарымен құттықтаймыз.

Оқушылар мен ұстаздарымызға сәттілік және шығармашылық табыс тілейміз!

1. Балаш Айша - Гран-при

2. Байділдина Айман - ІІ дәрежелі диплом

3. Байділдина Шолпан - ІІ дәрежелі диплом

Темірбаева Аружан мен оның оқытушысы - Асхатова Надия Радиковнаны «Фортепиано» номинациясы бойынша Республикалық Арт-форум-фестивалінде жүлделі орынмен (ІІІ дәрежелі диплом) құттықтаймыз!

Шығармашылық табыс пен жеңістер тілейміз!

Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің жұлдыздары

18-28 наурыз аралығында Алматы қаласында ҚР Дарынды балаларға арналған мамандандырылған музыкалық орта мектеп оқушылары арасында, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен, Қазақстанның жас орындаушыларының IХ Республикалық байқауы қашықтықтан өтті. Байқау Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт Министрлігінің «Күләш Байсейітова атындағы дарынды балаларға арналған республикалық мамандандырылған музыкалық орта мектеп-интернаты» республикалық мемлекеттік мекемесі базасында екі турда өткізілді.

Аталған байқаудың мақсаты мен міндеттері - оқушылардың орындаушылық шеберлігін жетілдіру және арттыру, музыкаға дарынды балаларды кәсіби және шығармашылық дамыту, республиканың дарынды жастарын анықтау және қолдау, Қазақстанның музыкалық өнерін насихаттау. Байқау әртүрлі жас топтарында арнайы фортепиано, үрмелі және ұрмалы аспаптар номинациялары бойынша өткізілді.

Байқауда мектебімізді «Арнайы фортепиано» бөлімінің төрт пианисті және «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» бөлімінің бір оқушысы таныстырды. Пандемия мен қашықтықтан оқытуға қарамастан, оқушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізді. Барлық оқушыларымызды қазылар алқасы марапаттады. Әсіресе, бұл байқау пианисттер үшін нәтижелі және жемісті болды. Осылайша, кіші топта Шарапиденова Диляра 1-дәрежелі, Василиса 2-дәрежелі лауреат атанды. Орта топта Кудальцова Мария өнер көрсетті. Ол байқаудың дипломанты атанды. Үлкен топта 15-19 жас аралығындағы қатысушылармен жарысқан 3-дәрежелі лауреат атағын Зологина Валерия алды. «Үрмелі және ұрмалы аспаптар» бөлімін Скорынин Алексей таныстырды. Аталмыш байқауда ол дипломант атанды.

Пианисттердің орындауын Қазақстан Республикасының Халық әртісі, профессор Жания Яхияқызы Әубәкірова, профессор Венера Максимовна Ибраева, Өзбекстан Мемлекеттік консерваториясының профессоры Марат Васильевич Ғұмаров бағалады.

Байқауға қатысу үшін барлық жас топтарының пианистері қазылар алқасының назарына екі турдан тұратын күрделі бағдарламаны ұсынды. Әр турда 3-4 шығарма орындалды. Оқушылардың осындай деңгейдегі байқауға қатысуы олардың оқу бағдарламасын меңгергендігінің деңгейін көрсетеді, пән бағдары бойынша ой-өрісінің кеңеюіне, табысқа жеткендегі қобалжуын жеңуге, жеңіске шыңдауға, ұжым ауызбіршілігіне, орындау шеберлігін шыңдауға, өзіне берік болуға шақырады. Байқауға дайындалу барысында мінездің де, кәсібиліктің де қалыптасуы орын алады, оқушының қабілеті мен әлеуетіне жаңаша қарауға мүмкіндік туады, тез жұмыс істей білу және дыбыстың сапа жағынан жаңа деңгейіне шығу қабілеті туады. Ал бұл қазіргі заман жағдайында оңай емес, себебі байқауға дайындықтың негізгі бөлігі қашықтық форматында өтті. Мұндай жағдайларда дыбыспен толыққанды жұмыс істеу мүмкін емес. Ал бұл орындаушының ең басты міндеті ғой.

Дайындық барысында оқушылар үлкен жұмыс атқарды. Мысалы, Василиса 2 айдың ішінде өзі үшін мүлдем күрделі үш шығарманы үйренді. Мария биылғы оқу жылында А.Жұбанов атындағы жас орындаушылардың халықаралық онлайн-фестивалінде 2 дәрежелі лауреат атағын жеңіп алды, онда профессор А.Қ.Құсайынов төраға болды, бағдарлама бойынша жұмысты жалғастырды және кәсіби тұрғыдан айтарлықтай өсті. Валерия екінші турға қатысу үшін 2 апта ішінде Кабалевскийдің қажетті прелюдияларын үйренді. Диляра бағдарламаны жазу кезінде шыдамдылық пен табандылық танытты. Әрине, ата-аналарға сенім мен шыдамдылық үшін көп рахметімізді айтқымыз келеді. Олар біздің маңызды көмекшілеріміз ғой. Ата-аналар педагогтың пікірлестері болып, үйде өзін-өзі даярлауды дұрыс ұйымдастыруға, күн тәртібін қалыптастыруға көмектесетін болса, бұл өте маңызды.

Байқаудың қашықтықтан форматының қиындықтарына қарамастан кейбір артықшылықтары да бар. Бұл тыңдаушылардың ауқымды аудиториясы, кез келген оқу орнының педагогтарының әрбір қатысушыны естіп, бағдарлама деңгейін және орындау шеберлігін бағалауға мүмкіндік береді. Осылайша, байқау кезінде қалалар мен педагогтар арасында шығармашылық қарым-қатынас және пікір алмасу болды. Ал байқауға қатысушылардың өздері басқа мектептерден келген шығармаларды тыңдауға мүмкіндік алды, бұл әдетте сахнада өнер көрсету кезінде мүмкін емес, өйткені сахна тек өз бағдарламасына ғана толық шоғырлануды талап етеді.

Барлық оқушыларымыз өздерінің шығармашылық өмірбаяндарында елеулі Халықаралық байқауларға қатысу тәжірибесіне ие. Бұл «Астана – Мерей», «PIANO STYLE», «PIANO FEST ALMATY». Олар барлық жерде жүлделі орындармен марапатталды. Қазылар алқасының көптеген мүшелері педагог пен оқушылардың кәсіби жұмысы туралы жылы лебіздерін білдірді. Олардың ішінде «PIANO FEST ALMATY- 2018» байқауының қазылар алқасының төрағасы профессор Маршев Олег Вадимович (Антон Брукнер Университеті, Австрия, Линц), ол конкурста да біздің пианисттеріміз Валерия, Мария және Диляра «Гран-При» жеңіп алды.

Барлық оқушылар Вчерашняя Елена Александровнаның тәрбиеленушілері. Елена Александровна кәсіби құзыреттілік, еңбексүйгіштік, талап етушілік сияқты қасиеттерді бойына сіңірген педагог. Ол өз мамандығының хас шебері ғана емес, шәкірттеді соңына ерте білетін, кез келген қиындықпен бетпе-бет келген тұста, қыбын тауып шығатын мұғалім.

Шығармашыл әріптестеріміз бен олардың талантты шәкірттеріне зор денсаулық, мол бақыт, сарқылмас шабыт, шыдамдылық, жақсы көңіл-күй және толағай табыстар тілейміз! Алар асуларыңыз көп болғай!

Әскерова Әлия Камалбекқызы, «Ермек Серкебаев атындағы Өнер колледжі – өнерде дарынды балаларға мамандандырылған мектеп-интернат кешенінің» директордың тәрбие жұмысы жөніндегі

Біздің жас өнерпазымыз Несипбаева Назымды және оның ұстазы Живица Вероника Витальевнаны «Musik time» музыкалық өнердің республикалық байқауында жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Сіздерге мықты денсаулық, шығармашылық ізденіс пен табыс, мол күш-қуат тілейміз!

9А сынып оқушысы Сармұханова Дильназ бен география-биология пәнінің мұғалімі Роза Жұмашқызы Мұхамедғалиеваны "Baytag El" республикалық экологиядан қашықтық олимпиада жүлделі ІІІ орынмен құттықтаймыз.

Болашақта да жеңістер мен жетістіктерді тілейміз!

7Б сынып оқушысы Гурова Дарья мен оның оқытушысы Алғожина Данара Мейрамбековнаны «ArtDala» Нұрсұлтан қ. республикалық жас суретшілер байқауында жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Жеңісіңізбен құттықтай отырып, шығармашылық жұмыстарыңызда еңбексүйгіштік, табандылық пен одан әрі нәтижелі табыстар тілейміз!

Біздің жас өнерпазымыз Василиса Верблюдованы және оның ұстазы Вчерашняя Елена Александровнаны тамаша нәтижелерімен және «Ритмы планеты» халықаралық фестиваль-байқауында жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Жарайсың, Василиса! Саған жаңа жеңістерді тілейміз!

9А сынып оқушысы Айтпаева Ақдидар және түлектеріміз Ораз Асанәлі мен Ибраева Аминаны 8-11 сыныптың шығармашыл оқушылары арасындағы «Ақберең» республикалық өнер байқауының облыстық кезеңінде жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймыз!

Ұстаздарымызды, оқушыларымызды және ата-аналарымызды ЖЕҢІСТЕРМЕН құттықтаймыз! Жеңісті күндер көп болсын!

7Б сынып оқушысы Гурова Дарьяны «Тәуелсіздік балалардың көзімен» облыстық сурет байқауында «Көрермендер көзайымы» номинациясымен құттықтаймыз!

7Б сынып оқушысы Кудальцова Марияны және оның мұғалімі– Вчерашняя Елена Александровнаны А.Жұбанов атындағы Халықаралық жас орындаушылар онлайн-фестиваліндегі II дәрежелі дипломымен құттықтаймыз!

Жеңісіңіз құтты болсын! Сізге әрқашан алға ұмтылуды, жаңа шыңдарды бағындыруды тілейміз.

9А сынып оқушысы Ислям Альбинаны, 8А сынып оқушысы Темірбаева Аружанды және олардың ұстазы Асхатова Надия Радиковнаны Л.Бетховеннің 250 жылдығына арналған жас пианистердің JUBILEE MUSIK COMPETITON Ludwig van Beethoven (1770-1827) ашық конкурсында жүлделі орындармен құттықтаймыз!

Қыздарымызға сәттілік пен жаңа жеңістерді тілейміз!

«Ақ сұңқар» балалар, жасөспірімдер және ересектер шығармашылығы VІ халықаралық қашықтық фестиваль-байқауына қатысып, Бас жүлдеге ие болған 6А сынып оқушысы Жұмекен Асылжан мен ұстазы Оңғарбаева Сандуғаш Дүйсенбайқызын жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Асылжан, жұлдызың жоғары болсын!

9А сынып оқушысы Алдияр Нұртазин мен оның ұстазы Николай Константинович Колокольчиковты «Территория талантов» Халықаралық өнер байқауында «Академиялық вокал. Жеке ән салу» номинациясы бойынша II жүлделі орынмен құттықтаймыз!

Алдияр, қадамың құтты болсын! Саған сарқылмайтын шабыт пен шығармашылық табыс тілейміз!

9А сынып оқушысы Кашмулдина Нұргүл, 7А сынып оқушысы Тлеулина Айнұраны, 7А сынып оқушысы Садвакасова Жансаяны және орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Умарова Зауреш Ибраевнаны "OIZEREK" республикалық шығармашылық байқауында жүлделі орындармен құттықтаймыз!

Зәуреш Ыбырайқызы мен қыздарымызға бірлескен шығармашылық жұмыстарында одан әрі нәтижелі табыстар тілейміз!

"

***

"

***

"

Біздің жас өнерпазымыз Василиса Верблюдованы және оның ұстазы Елена Александровнаны тамаша нәтижесімен және INTERNATIONAL MUSICCOMPETITION «NOVEMBERSOUNDS» 09-15.11.2020 Нұрсұлтан қ. байқауында жеңіске жетуімен құттықтаймыз!

Құттықтаймыз! Біз сіздермен мақтанамыз!

Біздің жас өнерпазымызды Василиса Верблюдованы және оның ұстазы – Вчерашняя Елена Александровнаны Халықаралық «Планета драйв» балалар мен жасөспірімдердің музыкалық шығармашылығы фестиваль-байқауындағы 1 дәрежелі дипломымен құттықтаймыз!

Василиса, саған болашақта да ынтамен, жақсы оқып, жетістіктердің биік шыңына, алға қойған мақсаттарға жетуді тілейміз!

«Торайғыров оқулары» Республикалық өнер байқауына қатысып, ІІ орынға ие болған 6А сынып оқушысы Кенжеболатов Мирасты және ұстазы Ырысжан Нұргелдіқызы Байдәулетованы жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

Мирас, сені жеңісіңмен құттықтаймыз ! Келешекте өзіңді шыңдап, бұдан да үлкен жетістіктерге қол жеткізе бер. Алда мүмкіндіктер есігі ашылып, жаңа жеңістерге жетелей берсін деп тілейміз!

"

ХХІ Республикалық Абай оқуларында «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша 2020 жыл түлегі – Ораз Асанәліді және өнерпазымызды дайындаған ұстазы Ш.С. Айтбаеваны жеңімпазды жүлдесімен құттықтаймыз! Асанәли Солтүстік-Қазақстан облысы атынан Абай күйлерін шебер орындап, ІІІ дәрежелі диплом мен медаль иесі болды, сонымен қатар дарынды оқушымызға құнды сыйлығы мен Абай жолының 4 томдық кітабы табыс етілді.

Асанәлиді жеңісімен құттықтаймыз, табыстар мен жаңа жеңістер тілейміз!

«Өнерге қанат қаққандар» ІІ Республикалық өнер байқауына қатысып, «Вокал» номинациясы бойынша БАС ЖҮЛДЕГЕ ие болған 7А сынып оқушысы Балаш Айшаны және дарынды да талантты өнерпазымызды дайындаған ұстазы Шин Алена Алиевнаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз! Өнерің, өрге жүзсін, Айша!

«Мен патриотпын» Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы 6А сынып оқушысы Абгаева Айдананы және жетекшісі Жанаргүл Балгабековна Мустафинаны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!

«Мен патриотпын» Республикалық шығармашылық байқауының жеңімпазы 6А сынып оқушысы Бектембаева Әминаны және жетекшісі Аманова Әсем Қайыржанқызыны жеңісімен шын жүректен құттықтаймыз!



Текст
Виртуальная приемная